11 және 12 қарашада облыс тұрғындары қан тапсырып, сүйек кемігі донорларының ұлттық тізіміне қосыла алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Қан орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 11-12 қарашада өтетін «Өз генетикалық егізіңізді табыңыз» акциясы кезінде кез келген адам Қан орталығына келіп, сауалнама толтырып, зертханалық тексеру үшін қан үлгісін тапсыра алады.
Қазақстандық гемопоэтикалық сабақты жасушалар донорларының тізімі Халықаралық тізімнің бір бөлігі саналады. Қазір Ұлттық тізімде шамамен 13 500 әлеуетті донор бар, оның 1205-і Шығыс Қазақстанда тұрады.
Донор тоғыз миллилитр қан тапсырып, сауалнама толтырып, трансфузион маманының тексеруінен өтеді. Егер адам әлеуетті донор ретінде реципиентке сәйкес келсе, оған сабақты жасушаларды донорлыққа беру үшін Астанаға ұшақпен ұшу ұсынылады.
Жол және тұру шығынын ҚР Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы өтейді. Донорға ақылы демалыс пен уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы анықтама беріледі.
Астанада донорға дәрілік ынталандыру инъекциялары жасалып, сабақты жасушалар қанға көбірек мөлшерде белсенді түрде енгізеді. Тұйықталған аппарат қанды жинап, плазмаға, сабақты және басқа жасушаларға бөледі. Сабақты жасушаларды бөлгеннен кейін қанды қайтарады. Бұл процедура бес сағатқа дейін созылады.
ШҚО Қан орталығының мекенжайы: Көкжал Барақ көшесі, 11. Медициналық мекемеге 17, 26, 43A, 46 және 260 қоғамдық көліктері арқылы жетуге болады. Донор өзімен бірге жеке куәлігін әкелу керек.
Пікірлер