ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы аймақтағы өндірістік нысандарды пайдаланатын 380 кәсіпорында өндірістік қауіпсіздікті үздіксіз бақылауда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жыл басынан бері мамандар 29 профилактикалық тексеру жүргізіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 779 бұзылуын анықтады. Нәтижесінде 5 нысанның жұмысы тоқтатылды.
Бұрын берілген бұйрықтардың орындалуын бақылау үшін 14 жоспардан тыс тексеру қолғаалынды. Соның негізінде 9 әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды. Қауіпті бұзушылықтар анықталған 4 нысанның жұмысы тоқтатылды.
Басқа себептермен тағы 7 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 73 бұзушылық анықталды. Компанияларға 727 000 теңгені құрайтын 7 әкімшілік айыппұл салынды. Тағы 2 нысанның жұмысы уақытша тоқтады.
Жыл басынан бері басқарма инспекторлары қауіпті нысандардағы 66 жаттығуға, 28 қабылдау сынағына, 50 техникалық тексеруге және 25 апатты тергеу комиссиясына қатысты.
ШҚО ТЖД ақпаратынша, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің негізгі мақсаты - апаттардың алдын алу, жарақат алу қаупін азайту, ықтимал оқиғаларда адамдарға және қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту.
Пікірлер