A+ A A-

talgatzhan 31 11-11-2025, 10:50 0

Алтай ауданында Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы ардагері өмірден өтті

Бүгін / Алтай

8 қараша күні 99 жасқа қараған шағында Василий Рудомётов қайтыс болды. Жерлеу рәсімі 10 қараша күні әскери құрмет көрсетіліп, оркестрдің қатысуымен өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 

Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың Алтай ауданындағы соңғы ардагері еді. Отан үшін отқа түсуден де тайынбаған батыр соғыстың ауыр жылдарын еңсеріп, Жеңістен кейін өзін еңбекке және Шығыс Қазақстан облысын дамытуға арнады. 

- Мейірімділігімен және қарапайымдылығымен ерекшеленген батыр жайлы жарқын естеліктер жақындарының жадында мәңгі сақталады. Батырдың жатқан жері жайлы болсын, - делінген облыс әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратында. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив