Ұсақ бұзақылық туралы іс Алтай аудандық сотында қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оқиға көлік жуу орнында болған. Сол жердегі тұрақта полиция көлігін көрген әйел капотқа шығып, суретке түсіп, әлеуметтік желіге жариялады.
- Ол өз әрекеттерімен қоғамдық тәртіпті бұзып, ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты қасақана жасады, - делінген ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметінде.
Сот құқық бұзушының жұмыссыз және екі кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескеріп, оған 55 048 теңге айыппұл салды.
Пікірлер