A+ A A-

talgatzhan 42 11-11-2025, 12:20 0

Зайсандағы әуежай қолданысқа келесі жылы беріледі

Бүгін / Зайсан

Жоспар бойынша нысанды жыл соңында іске қосу жоспарланған еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл Шығыс Қазақстан облысында екі әуе айлағының құрылыс басталды. Оның бірі Қатонқарағайда, екіншісі осы Зайсанда салынып жатыр. Қазір екеуінің де тапсыру мерзімі кейінге шегерілді. Зайсан ауданында әуежай құрылысы наурызда басталды. Нысан қаладан 25 шақырым жердегі ескі әскери әуе айлағының базасында салынып жатыр. Жалпы 4 бөліктен тұратын жұмыстың алғашқы екеуі аяқталды. Яғни сыртқы желі тартылып, шығып-кіретін жол және ұшып қону алаңы мен перрон салынып бітті.

Ал үшінші кезеңнің, әуежай ғимаратының жобасы құрылысшылар қолына тым кеш тиген. Бұл белгіленген мерзімнің кейін жылжуына тікелей әсер етті.

– Жылдың соңына дейін аяқтауға мұршамыз келмей қалды. Қазіргі мына салынып жатқан ғимарат – үшінші кезең. Сол үшінші этап жобасы кішкене кешігіп келді, сол себептен осындай жағдай болып тұр, – деп мәлімдеді жоба жетекшісі Ербол Тәжібаев.

Мамандардың айуынша, құрылыстың ескі әскери айлақ орнында басталғаны, жұмыс барысын еш жеңілдетпеген. Өйткені нысанның қаңқасы да қалмаған. Сол себепті әрбір учаске басынан бастап істеліп жатыр. Ұшып-қону алаңындағы аумақ 2 метрге дейін қазылып, топырағы алынып, толықтай жаңартылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив