Қазақстанда жалақы өсімі тіркелді. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылдың үшінші тоқсанында орташа жалақы 429 368 теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10% жоғары, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2025 жылдың үшінші тоқсанында орташа жалақы 429 368 теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10% жоғары.
Медианалық жалақы 302 584 теңге, ал жыл басынан бастап белгіленген ең төменгі жалақы 85 000 теңге деңгейінде қалды.
- Жалақы өсімі елдің барлық өңірінде байқалады. Әсіресе Жетісу, Алматы және Астанада. Бұл өңірлерде өсім 13–18% аралығында, - деп атап өтті сарапшылар.
Ең көп табыс тау-кен өнеркәсібі қызметкерлеріне тиесілі. Мұнда жалақы республикалық орташа деңгейден екі есе жоғары.
Сонымен қатар ақпарат және байланыс саласында, сондай-ақ кәсіби және ғылыми қызмет саласында да жалақы жоғары.
IT секторында өсім 21,5%, көлік пен логистикада - 17,6%, ауыл шаруашылығында - 18,4%, - делінген есепте.
Ең аз жалақы өсімі құрылыс саласында (+2,5%), денсаулық сақтау саласында (+5%) және тамақ қызметі саласында (+6,2%) тіркелді.
Жалпы өсімге қарамастан, кейбір салаларда халықтың нақты табысы инфляция мен тұрмыс шығындарының өсуіне байланысты төмендеп отыр.
Пікірлер