A+ A A-

talgatzhan 30 11-11-2025, 14:35 0

Өскемендегі футбол стадионы неге 5000 адамға шақталмақ?

Бүгін / Өскемен / Спорт

Өңірде футболдың бірқалыпты дамып келе жатқанын ескерсек, заманауи стадионның керек екені рас, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осы сұраққа жуықта облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов жауап берді. Сөйтсе, мұның жауабын тереңнен қазудың қажеті жоқ екен. Ең негізгі себебі сол, Шығыстың климаты ескеріледі. Бір жағынан қыс үш емес, 5-6 айға созылады. Сосын бұл төбесі жабық стадион болады. Демек, жоба қыруар қаражатты қажет етеді. Есесіне, бұл UEFA талаптарына толық сай келетіндей етіп салынбақ.
– Қазақстан чемпионаты елімізде наурыз айында басталады. Ал бізде көп жерде әлі қар жатады, күн де аса бір жылына қоймайды. Осы жағы ескерілді. Жер учаскесі таңдалды. Бұйырса, қаңтар айында есеп-қисап толықтай әзірленіп, құрылыс қамына кірісеміз, – деді басқарма басшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив