A+ A A-

talgatzhan 5 11-11-2025, 16:40 0

Өскемендегі өнер музейінде «Алтын Алтай» көрмесі ашылды

Бүгін / Өскемен

Бүгін Шығыс Қазақстан өнер музейінде «Жаңғыру» суретшілер шығармашылық бірлестігінің «Алтын Алтай» атты ұжымдық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұйымдастырушылар сөзінше, аталған көрме – өңірдің көркемдік өміріндегі маңызды мәдени оқиға. 
– Экспозицияда Алтай табиғатының әсем көріністері, ұлттық дүниетаным мен заманауи өнердің үйлесімі көрініс тапқан, – делінген ақпаратта.
Қатысушылар қатарында – Гүлнар Бекбердинова, Ержан Тұрғанбаев, Әділет Ниязбеков, Мәди Қайырхан, Қуаныш Акуов, Эльзара Даниярова, Жақаев Қуанған және Данияр Алдабергенов дарынды суретшілер бар.
Әрбір туынды – туған жерге деген сүйіспеншілік пен рухани жаңғырудың көркем бейнесі.
Бүгін басталған көрме 7 желтоқсанға дейін ашық.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив