Статистикаға сүйенсек, өткен жылы бұл дертті 251 адам жұқтырса, биыл 217 жаңа жағдай анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
2024 жылдың қазан айындағы мәлімет бойынша облыстағы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталықтарында 3366 адам диспансерлік есепте тұр. Оның ішінде 2061-і ер адам, 1305-і әйел және 15 жасқа дейінгі 25 бала бар.
- Статистикаға сүйенсек, өткен жылы бұл дертті 251 адам жұқтырса, биыл 217 жаңа жағдай анықталған. Жалпы, облыс бойынша АИТВ вирусын жұқтырғандардың жалпы саны үш мыңнан асып отыр, - деді ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері Салтанат Ерболатқызы.
Мамандардың айтуынша, АИТВ жұқтырғандарға емдеу шаралары негізінен амбулаториялық түрде жүргізіледі, ал қажет жағдайда стационарлық көмек те көрсетіледі.
Пікірлер