Өрт қауіпсіздігі шараларын түсіндірген мамандар педагогтарға жан-жақты пайдалы ақпарат беруге тырысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұған Өскемен қаласы және ШҚО Төтенше жағдайлар департаменттерінің мамандары қатысты. Олар ШҚО дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені педагогтарымен кездесіп, өрттің алдын алу, қызыл жалын қыспаққа алған жағдайда не істеу керектігін түсіндірді.
Сондай-ақ педагогтарға өрт сөндірудің бастапқы құралдарын пайдалану және төтенше жағдай кезінде сабыр сақтап, нұсқаулыққа сай әрекет ету жөнінде кеңес берілді.
Пікірлер