Жаңа Бұқтырма кентінде 60 және 40 пәтерлі екі көпқабатты үйдің құрылысы қайта жанданды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Бүгінде мердігер таңдалып, жұмыс кестесі бекітілді және қолданыстағы құрылыстарды техникалық тексеру аяқталды. Дайындық және құрылыс жұмыстары, соның ішінде жобалау-сметалық құжаттаманы жаңарту жұмыстары жүргізілуде, - деді Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев.
Құрылыс жұмыстарын аяқтау және ғимараттарды пайдалануға беру келесі жылға жоспарланған. Жоба 100-ден астам отбасын баспанамен қамтамасыз етеді.
Пікірлер