Еңбек мамандықтары жылы аясында Риддер колледжінде студенттер мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында инклюзивті аспаздар байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сайысқа 22 адам қатысты.
Байқаудың басты мақсаты – адамның мүмкіндігі шексіз екенін көрсету, еңбек пен шығармашылықтың адамдарды біріктіре алатынын дәлелдеу.
Іс-шара әлеуметтік инклюзияны, өзара сыйластық пен көмек көрсетуді, толеранттылықты дамытуға, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталды.
Қатысушылар өздерінің кәсіби дағдыларын, ұқыптылығын және қиялын көрсетіп, ерекше тағамдар дайындады. Әсіресе топтық жұмыс пен креативті көзқарасқа баса назар аударылды.
- Біздің байқау – жай ғана жарыс емес, бұл достықтың, құрметтің және шабыттың алаңы, - деді сарапшылар алқасының төрайымы, «AMANAT» партиясының Риддер филиалының жетекшісі Асем Агажаева.
Қонақтар үшін мазмұнды бағдарлама, шығармашылық жұмыстар көрмесі, тағамдар дегустациясы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.
Бұл игі шара адамның мүмкіндігі шексіз екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Пікірлер