«Қазақстанда тағы бір компания телефондардың IMEI кодтарын тексеру қызметін жүргізуге өтініш берді. Оның тарифтерін мемлекет реттейтін болады. Бұл қызметті «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК көрсетеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі IMEI-верификация операторына жаңа кандидатура ұсынылғанын растады.
— Қазіргі уақытта верификация қызметін көрсетуге екінші компания өтініш берді. Болашақта «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК құрылғыларды верификациялауды өз бетінше жүргізеді, — дейді БАҚ және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Айнұр Әлмұханова.
Компания қызмет көрсету тарифтері бойынша жалғыз оператор болмақ. Ал тарифтерді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі реттейді. Сондай-ақ, министрлік нарықта бірнеше оператор пайда болатынынан үмітті. Бұл қызмет көрсету сапасын арттыруға және олқылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
— Басқа операторлардың тарифтері бәсекелестік шартымен белгіленеді, бұл нарықта әділ және тиімді бәсекенің дамуына мүмкіндік береді, — деп түсіндірді ЖИ министрлігі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда IMEI-верификациясын тек «ATS Mediafon KZ» ЖШС жүзеге асырады. Оператор ашық конкурс қорытындысы бойынша таңдалған.
Дегенмен, Цифрлық даму министрлігі нарықты шектемейтінін және қызмет операторлары болғысы келетін басқа компаниялардан да өтініштер күтетінін айтты. Кандидаттар өз жүйесін мемлекеттік деректермен біріктіріп, барлық құрылғыларды дұрыс тексере алатындай мүмкіндікке ие болуы керек.
Айта кетейік, Қазақстанға әкелінетін барлық жаңа құрылғылар верификациядан өтуі қажет. Тіркелмеген құрылғылар «қара тізімге» енгізіліп, ел аумағында ұялы байланыс қызметтері тоқтатылады.
Пікірлер