A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 10:20 0

ШҚО-да онкологияға шалдыққандар саны көп болғанымен, өлім азайып келеді — әкім

Бүгін / ШҚО

Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов «Jibek Joly» арнасындағы «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында өңірдегі онкологиялық ахуалға тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

- Облыста жыл сайын онкологиялық аурудан көз жұматындардың саны азайып келеді. Өз кезегінде онкологияға шалдыққандардың саны көбейіп жатыр. Одан біз не түсінеміз? Скрининг сияқты ауруды ерте бастау жұмыстарының нәтижесінде бірінші сатыдағы науқастарды тез анықтап, статистикада науқас саны көбейген сияқты көрініп жатыр. Ал шын мәнінде ерте анықтау арқылы өлім санын азайттық, - деді өңір басшысы.
Сондай-ақ әкім Өскемендегі онкологиялық орталық медициналық туризм ошағына айналғанын айтады.
- Қазір сол орталықтардан check-up өтуге (кешенді медициналық тексеруден өту — ред.) өзге өңірлерден бөлек Ресей мен Түркиядан науқастар келеді. 2-3 күнге келіп, тексеріледі. Кейбіреулер бізден кейін Израильдің, Германияның, Оңтүстік Кореяның орталықтарына барғанда берген анықтамалары біздікімен бірдей шығып жатыр. Біз ауыл тұрғындарын сапалы скринингпен қамтуға күш салып жатырмыз. Мысалы Маралды ауылынан былтыр да, биыл да адамдарды осында тегін әкеліп, тегін скринингтен өткіздік, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив