A+ A A-

talgatzhan 32 Кеше, 10:30 0

ШҚО-ның бұрынғы прокуроры Михаил Керцман өмірден өтті

Бүгін / ШҚО

Елге еңбек сіңірген заңгер, облыстың бұрынғы прокуроры, әділет генерал-майоры Михаил Керцман 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов өзінің инстаграм парақшасында Михаил Яковлевичтің туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.

- Ол үшін заң үстемдігі мен Отанға адал қызмет ету - өмірдің басты мәні болды. Михаил Яковлевич - өз ісіне жан-тәнімен берілген, ұстанымы берік жан еді. Оның ерен еңбегі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында өңірде заң үстемдігі орнап, тәртіп нығайып, адал және білікті прокурорлар буыны қалыптасты. Михаил Керцманның жарқын бейнесі мен өнегелі өмірі жерлестерінің жадында мәңгі сақталады, - делінген ресми ақпаратта. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив