«Таза Өскемен» мамандары Красин кентінде субұру науасын тазалау бойынша су тасқынының алдын алу мақсатындағы профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
- Жаз бойы науаларда қоқыс, жапырақтар мен өсімдіктер жиналып қалады. Мұның бәрі судың еркін ағуына кедергі келтіреді. Егер мұз түскенге дейін тазаланбаса, еріген және жаңбыр суы кедергісіз аға алмай, салдарынан мұз қату және жол жабынының бұзылуы мүмкін, - деді «Таза Өскемен» кәсіпорнының өкілдері.
Осындай профилактикалық шаралар су ағызу жүйелері бар өзге де учаскелерде жүргізілуде.
Пікірлер