A+ A A-

talgatzhan 46 Кеше, 11:10 0

ШҚО-да психикалық бұзылулар диагнозына шалдыққандар саны саны артты

Бүгін / ШҚО

Соңғы жылдары елде психикалық бұзылу диагнозының жалпы саны азайды. 2021 жылы 100 000 адамға шаққанда 1232 жағдай тіркелсе, былтыр бұл көрсеткіш 1212-ге дейін төмендеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өткен жылы 20 аймақтың 10-ында алғаш рет анықталған психикалық және мінез-құлық бұзылыстарының жиілігі республикалық орташа көрсеткіштен (100 000 адамға шаққанда 65,6 жағдай) жоғары болды. Оның ішінде, Астана қаласы (141,9), Шығыс Қазақстан (102,8) және Абай (93,9) облыстары бар. Ал Түркістан, Алматы және Жетісу облыстарында, Шымкент пен Алматыда көрсеткіштер төмен.
Бұдан бөлек, Қазақстанда психиатрлар саны артты. 2021 жылы 739 маман болса, былтыр олардың саны 929-ға жетті. Сонымен қатар психиатриялық төсек-орындар саны 7500-ден 6700-ге дейін қысқарды. Психиатриялық кабинеттер саны да азайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив