A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 11:20 0

ШҚО-да жол қозғалысы қиындауы мүмкін

Бүгін / ШҚО

Қазақстанның алты облысында қар мен көктайғақ күтіледі. «ҚазАвтоЖол» компаниясы 12 қараша күні республикалық маңызы бар жолдарда ауа райының нашарлау қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарының кей жерлерінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
- Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, ерекше мұқият болуға және жол жабынының сырғанақ болуымен қатар, көрінудің нашарлауы мүмкін екенін ескеруге кеңес беріледі, - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Автожолдардың жағдайы туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 бірыңғай колл-орталығынан алуға болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив