
2,8 миллион теңгеге дейін: Қандай мамандарға жоғары жалақы ұсынылады
Қазақстанда жалақысы 990 мың теңгеден бастап 2,8 миллион теңгеге дейін жететін жалақы ұсынылатын мамандықтар бар. Ең жоғары табыс әдетте басқарушылық, техникалық және ерекше біліктілікті талап ететін салаларда. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
2025 жылғы деректерге сәйкес, жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны әуе лайнерінің ұшқышы (~2,8 млн теңге), өрттің алдын алу және сөндіру жөніндегі кенші (~2 млн), басқарма төрағасының орынбасары (~1,8 млн) сияқты мамандықтар бойынша ұсынып отыр. Сонымен қатар, өндіріс бастығының орынбасары (~1 млн), компьютерлік ойын дизайнері (~990 мың), омбудсмен (~990 мың) лауазымдарында да жоғары жалақы тіркелген.
Жоғары табыс әдетте:
Басқарушылық лауазымдар (басқарма төрағасы, бөлім бастығы, техникалық директор);
Техникалық мамандықтар (ұшқыштар, инженерлер, кеншілер);
Арнайы біліктілікті талап ететін қызметтер (IT, ойын дизайнерлері, омбудсмен қызметі);
Сонымен бірге, әлеуметтік сектордағы мамандар (білім беру, денсаулық сақтау) да сұранысқа ие және еңбек нарығында тұрақты орынға ие.
Қазан айында еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері
2025 жылғы қазан айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 132 мың бос жұмыс орнын, ал ізденушілер 114,1 мың түйіндеме жариялады.
Қыркүйек айымен салыстырғанда сұраныс 4,5%-ға (-6,2 мың), ал ұсыныс 12,6%-ға (-16,5 мың) төмендеді. Белсенділіктің төмендеуіне қарамастан, еңбек нарығы тұрақтылығын сақтап отыр, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы теңгерімді.
Бос орындар бойынша салалар
Білім беру саласы – 41,1 мың (31%);
Қызмет көрсету саласы – 17,5 мың (13%);
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау – 11,7 мың (9%).
Бұл салалар барлық бос орындардың шамамен жартысын құрап, әлеуметтік сектор жұмыспен қамтудың негізгі драйвері болып отыр.
Біліктілік деңгейі бойынша сұраныс
Орта деңгейлі мамандар – 64,4 мың бос орын
Жоғары білікті мамандар – 34,7 мың
Біліктілігі жоқ мамандар – 32,9 мың
Ізденушілер арасындағы түйіндемелер құрылымы
Жоғары біліктілікті мамандар арасында ең көп түйіндеме: бухгалтер (2,2 мың), заңгер (1,6 мың), тәрбиеші (1,6 мың).
Орта біліктілік деңгейіндегі мамандар арасында жиі орналастырылған түйіндемелер: қазандық операторлары (3,7 мың), медбикелер (1,9 мың), автокөлік жүргізушілері (1,6 мың).
Бұл еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс құрылымының теңескенін және біліктілік деңгейлері бойынша айқын теңсіздіктің жоқ екенін көрсетеді.
Өңірлер бойынша белсенділік
Ең көп бос жұмыс орындары: Түркістан облысы (12 мың), Астана қаласы (11,4 мың), Жамбыл облысы (8,8 мың)
Түйіндемелер саны бойынша көшбасшылар: Түркістан облысы (13,4 мың), Астана қаласы (9,1 мың), Қызылорда облысы (8,3 мың)
Жас және жыныс құрылымы
34 жасқа дейін – 51,4 мың түйіндеме (45%)
35–44 жас – 29,2 мың (26%)
45–54 жас – 21,8 мың (19%)
55 жастан асқандар – 11,7 мың (10%)
Әйелдер белсенділігі – барлық түйіндемелердің 52%-ы
Ең көп сұранысқа ие мамандықтар
Жоғары біліктілік: тәрбиешілер (1,8 мың бос орын), бухгалтерлер (1,1 мың), математика мұғалімдері (1 мың)
Орта біліктілік: қазандық операторлары (6,9 мың), егін өсірушілер (2,2 мың), медбикелер (1,9 мың)
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы
Руханият
Жұлдыз жорамал
Пікірлер