“Қазгидромет” синоптиктері 13, 14 және 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM-ға сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон ықпалында болады.
13 қарашада шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады делінді. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Ал шығыс, солтүстік және орталық аймақтарда бұрқасын болады. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Солтүстікте түнде –5…–12°С, күндіз –0…–6°С,
Солтүстік-батыста түнде –2…–10°С, күндіз –0…–5°С,
Орталықта түнде –3…–13°С, күндіз –6…+3°С,
Шығыста түнде –8…–20°С, күндіз –0…–10°С.
Елдің қалған аумақтарында температурада елеулі өзгерістер бола қоймайды.
Пікірлер