Су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде ел өңірлерінде төтенше жағдайлардың алдын алуға және көктемгі су тасқынының ықтимал салдарын барынша азайтуға бағытталған су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстанда су тасқынына қарсы іс-шаралар алдын ала жүргізілуде. Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Еңсегенов Шемонаиха ауданы әкімдігі өкілдерімен бірге аудан аумағын аралап, инженерлік жұмыстар жоспарының орындалу барысын көзбен шолып, мониторинг жүргізді. Сапар барысында су басу қаупі жоғары учаскелер қаралды. Убинка ауылында көше жөндеу жұмыстары жүргізілуде, Красная Шемонаиха ауылында су өткізу құбырына жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар Большая Речка ауылында көпірді жөндеу жоспарланған учаске тексерілді. Барлық іс-шара белгіленген мерзімде орындалып, нысандардың көктемгі су тасқыны кезеңіне дайын болуы қамтамасыз етілуде.
Су тасқынына қарсы барлық іс-шара жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар департаменттерінің тұрақты бақылауында болады, бұл су тасқыны кезеңінде халықтың және инфрақұрылым объектілерінің қауіпсіздігін уақтылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Пікірлер