Қалалық мәслихат хатшысы Александр Светаш азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Қабылдау барысында көптеген мәселе талқыланды. Олардың қатарында №33 автобус бағытының кестесін ұзарту, Қазыбек би даңғылы бойымен автобус қатынасын іске қосу, Жібек маталар комбинаты ауданында қоғамдық көліктер үшін бөлек жолақтар жасау мүмкіндігі және көпқабатты үйлердегі жарамсыз лифтілерді ауыстыру бар, - деді Александр Светаш әлеуметтік желідегі парақшасында.
Аталған мәселелер бойынша депатутаттық сауалдар ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне және тұрғын үй қатынастары бөліміне жолданады.
Пікірлер