A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 17:00 0

Елге келушілер саны артты: ең көп адам қоныстанған өңірлер белгілі болды

Бүгін / Республика

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстанға тұрақты тұру үшін 16,1 мың адам қоныс аударды. Бұл — елден көшіп кеткендердің санынан әлдеқайда көп, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, осы кезеңде 5,9 мың адам елден кеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 41,4%-ға аз. Нәтижесінде көші-қон балансы оң қалыпта — 10,2 мың адам.

Көші-қонның негізгі бөлігі ТМД елдерімен жүреді: келгендердің 82,7%, ал кеткендердің 73,2% — осы елдердің азаматтары. Ал басқа мемлекеттердің ішінде Қазақстанға көбіне Қытай, Моңғолия және Түркия азаматтары көшіп келеді.

Келушілердің көбі Алматы облысына (4,4 мың адам), Алматы қаласына (2,6 мың), Маңғыстау облысына (2,3 мың) және Астанаға (1 мың) тұрақтаған.

Ел ішінде қоныс аударушылар саны да артқан — өткен жылмен салыстырғанда 22,8%-ға көп. Өңіраралық көші-қон бойынша ең көп адам келген өңірлер:

Астана – 67,2 мың адам

Алматы – 27,8 мың адам

Шымкент – 13 мың адам

Алматы облысы – 8 мың адам

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив