A+ A A-

talgatzhan 17 Кеше, 16:30 0

ШҚО-да 63 500 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Досжан Болатбек мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлік аймақ экономикасының маңызды қозғаушы күшіне айналып отыр. Алғашқы жартыжылдықта оның жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 26,2% болды.
- Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкерлердің белсенділігі едәуір артқан. Осы жылдың 9 айында қолдау шараларын пайдаланған кәсіпкерлер 177,1 млрд теңге салық төледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 55,2%-ға көп. Өнім шығару көлемі 1,1 трлн теңгеге жетіп, 32,8%-ға артқан. Шағын және орта кәсіпкерлік саласына салынған инвестиция көлемі 366,6 млрд теңгені құрап, 11,6%-ға өсті. 152 700 адам жұмыспен қамтылды, - деді Досжан Болатбек. 
ШҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Үкімет бекіткен қағидалар аясында субсидиялау, кепілдендіру және грант беру бағыттарында белсенді жұмыс жүргізуде. Биыл 1,3 млрд теңге бөлініп, 133 жоба мемлекеттік қолдау алды. 
- 84 жоба бойынша 8,2 млрд теңгеге субсидиялау шарты жасалды, 37 жобаға 9,7 млрд теңгеге кепілдік берілді, тағы 11 жоба 48,8 млн теңге грант алды. Қаржылай қолдау есебінен Өскемен арматура зауыты, Өскемен май-экстракция кешені, ЕвроГидроСервис сияқты кәсіпорындар өндірісін кеңейтті. Сондай-ақ Өскемен қаласы мен Алтай ауданында қонақүй және демалыс нысандары ашылды, - деді басқарма басшысының орынбасары. 
Белгілі болғандай, облыста «Даму» қоры және «Oskemen-Atameken» МҚҰ бірлесіп «Ақ-Ниет» және «Шығыс Бизнес» бағдарламалары жүзеге асырылуда. «Шығыс Бизнес» бойынша несие мөлшерлемесі 7%-ды құрайды. Қаржыландыру облыстық бюджет пен жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылып, кәсіпкерлік сектордың қамтылуын кеңейтеді. Соның ішінде Риддер мен Өскемен қалаларына қарасты ауылдық округтерде де мүмкіндіктер ашылады.
- Бұл шаралар жаңа жұмыс орындарын ашуға, бәсекеге қабілетті өндірістер құруға және Шығыс Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Осы бағдарламаны іске асыру әлеуметтік-экономикалық өсудің негізгі бағыттарын қолдауды, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруды және инвестициялар тартуды қамтамасыз ете отырып, аймақ аса мұқтаж жобаларды дамыту үшін жағдай жасауға ықпал етеді, - деді ол.

Әдемі АМАНГЕЛДІ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив