A+ A A-

talgatzhan 33 Кеше, 16:40 0

Өскеменде интернет алаяқтық көбеюде

Бүгін / Өскемен

Полиция қызметкерлері ресми органдардың жеке ақпаратты мессенджерлер арқылы сұрамайтынын ескертті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, алаяқтар өздерін банк, коммуналдық қызмет өкілдері ретінде таныстырып, азаматтардың жеке деректеріне қол жеткізуге тырысуда. Олар ақпаратты тексеру, банк картасы немесе SIM-карта бұғатталды деген сылтаумен SMS-кодтарды, банк картасының нөмірі мен ПИН-кодты сұрайды.
Ресми ұйымдардың өкілдері мұндай мәліметтерді телефон, мессенджерлер немесе электрондық пошта арқылы сұрамайды. 
Мұндай жағдайда 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласуға немесе ең жақын бөлімшеге жүгіну ұсынылады.
Құқық қорғау органдарының өкілдері жеке деректер мен қаржының қауіпсіздігі азаматтардың сақтығы мен мұқияттылығына тікелей байланысты екенін еске салады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив