Аблакетка ауданының тұрғындары “Бахыт жол” ЖШС көлік компаниясының жұмысына шағымданды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Діттеген жерімізге не жете алмаймыз, не кері қайта алмаймыз. Балалар да мектепке әрең қатынап жүр. Тіпті автобусқа сыймай қалып жатады, - деді тұрғындар.
Қала әкімдігі мен ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері тұрғындармен кездесіп, ресми жауап берді.
- Мониторингтік зерттеу тасымалдаушының қозғалыс тұрақтылығына қатысты келісімшарт талаптарын бұзғанын анықтады. Нәтижесінде тасымалдаушыны ауыстыру туралы шешім қабылданды. Жаңа компанияда еш ақаусыз жұмыс істейтін заманауи автобустар бар, - делінген қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінде.
Пікірлер