Кеше Ирина Смит шаһар басшысының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала әкімі Алмат Ақышов өз алғысын білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
- Ирина Федоровна қызмет еткен уақытында жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігін көрсетті. Ол әрқашан тұрғындарға қамқорлық танытып, өзі жұмыс атқарған ортаны жақсартуға барынша атсалысты. Қала дамуына елеулі үлес қосты, - деді Алмат Ақышов.
Айта кетейік, Ирина Смит 2021 жылдың қараша айынан бастап қала әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Пікірлер