A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:00 0

ШҚО-да демалыс орындарының дайындығы тексерілуде

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«НұрТау» демалыс орнында жабдықтарды толық техникалық тексеру аяқталуға жақын. Арқанжолдар мен және инфрақұрылым тексеруден кейін ғана қайта ашылады. Қауіпсіздікті сақтау, медбикелердің кезекшілігі мен қызметкерлердің қонақтарды қабылдауға дайындығына ерекше назар аударылуда.

«Алтай Альпісі» демалыс орталығында да коммуналдық жүйелер мен арқанжолдардың тексерулері аяқталды. Жаңа қосалқы станция құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу келесі жылдың басында қолға алынады. 

Бұдан бөлек, жол жағдайын тұрақты бақылау мен демалушыларға дауылды ескертулер туралы ақпараттандыру тапсырылды. 

Жақсылық Омар қысқы туристік маусымда демалушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы назарға алынатынын атап өтті. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив