Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қарашада «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары, алқалар төрағасы және судьяларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
ШҚО бойынша төраға лауазымына тағайындалды:
Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына — Жүнісова Жанат Ниетқабылқызы;
Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, осы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Жақсыбекова Нұргүл Айтбекқызы.
ШҚО бойынша судья лауазымына тағайындалғандар:
Күршім аудандық сотына — Думан Сарсенбекұлы Мизимбаев;
Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына — Әсел Еділқызы Тәкенова-Шәкіртова;
Риддер қалалық сотына — Эльвира Құмарбекқызы Жансұлтанова;
Тарбағатай аудандық сотына — Тәтімбеков Данияр Төлегенұлы.
Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Сәлік Қанатұлы Оразбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Президенттің жарлығы 10 қарашадан бастап күшіне енді.
Пікірлер