A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:40 0

Өскеменде адамдарды пышақпен қуалаған ер адамның ісі сотқа жіберілді

Бүгін / Өскемен

Жақында Instagram әлеуметтік желісінде полиция бұзақыны ұстап, келесі күні таңертең босатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратынша, 7 қарашада 102 арнасына тұрғын үй ауласында агрессивті мінез-құлық танытып, басқаларға қауіп төндірген мас ер адам туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жақын маңдағы патрульдік полиция бөлімшесі келіп, 37 жастағы ер адам мас күйде ұстады. Алайда қауіпті немесе тыйым салынған заттар анықталмады.
Бұдан бөлек, ер адамға қатысты бұрын ешқандай шағым түспеген.
- Тәртіп бұзушы Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды. Есірткіні қолдану белгілері анықталмады. Құқық бұзушыға қатысты бұзақылық және мас күйінде қоғамдық орынға келгені үшін әкімшілік іс қозғалды, - делінген ресми мәлімете. 
Іс сотқа жіберілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив