Белгілі болғандай, 10 айдың ішінде отбасылық-тұрмыстық салада 146 құқық бұзушылық тіркеліп, 27%-ға өскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Прокуратурасы баспасөз қызметінің ақпаратынша, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіріп, ұрып-соққаны үшін жауапкершілікті қатаңдатумен қатар, құқық бұзушылықтардың қоғамдық стереотиптері мен жасырын сипатына, құқық қолдану практикасы мен уәкілетті органдардың профилактикалық жұмысындағы белгілі бір кемшіліктерге байланысты мәселелер туындауда.
- Есепте тұрған отбасыларда атаулы профилактиканы күшейту, зардап шеккендерді ведомствоаралық сүйемелдеу тетігін енгізу, барлық жұмылдырылған құрылым арасында тұрақты ақпарат алмасуды жолға қою қажеттілігіне назар аударылды, - делінген ресми ақпаратта.
Пікірлер