Риддердегі Тәуелсіздік даңғылының инфрақұрылымын реконструкциялау жұмыстары басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала әкімінің міндетін атқарушы Қаныбек Төлеуханның айтуынша, жобаның негізгі мақсаты – қалалық ортаны жақсартып, тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы әрі қауіпсіз қоғамдық кеңістік қалыптастыру.
– Бүгінде жалпы жұмыстың 30 пайызы орындалды. Реконструкция аясында тротуарлар жаңартылып, жарықтандыру жүйесі орнатылады. Сондай-ақ жасыл аймақтар абаттандырылып, кіші сәулеттік нысандар мен отбасылық демалыс орындары салынады, – деді Қаныбек Төлеухан.
Жобаның жалпы құны – 614,0 млн теңге. Нысанды толық аяқтау 2026 жылдың 1 қыркүйегіне жоспарланған.
Пікірлер