Ахмер кентіндегі дүкеннің жанында тұрған бірнеше жас жігіттің арасындағы дау-дамай камераға түсірілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Куәгерлер қақтығыстың төбелеске ұласуы мүмкін деп, полицияға хабарласқан.
- Тәртіп сақшылары екі кәмелетке толмаған жасөспріміді анықтап, бөлімшеге жеткізді. Ешқайсы жарақат алған жоқ. Бозбалаларға ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылып, проифилактикалық әңгіме жүргізілді, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ресми ақпаратында.
Айта кету керек, кәмелетке толмағандардың заңды қамқоршыларына да қатысты тиісті шешім қабылданады.
Пікірлер