Бүгіннен бастап Бірыңғай банкаралық QR жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Алматыда Орталық Азия саммиті барысында белгілі болды. Жиында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Күні бүгінге дейін технологиялық тұрғыда бұл жүйеге кей банктер қосылмаған еді.
Central Asia Fintech Summit – Қазақстан мен Орталық Азияның қаржы секторының негізгі өкілдерін жинап, қаржы жүйесін дамыту мен инновацияларды енгізу стратегияларын талқылайды, сондай-ақ дайын шешімдер, кейстер мен талдауларды ұсынуға негізделген.
Kaspi банк бұған дейін банкаралық QR жүйесіне қосылмаған еді. Күні кеше ресми келісімге отырдық, - деді Ұлттық банк басшысы.
Енді қазақстандықтар кез келген жерде барлық банктің мобильді қосымшасымен QR-код арқылы төлем жасай алады.
Бірыңғай QR жүйесіне қосылған банктер:
Kaspi Bank;
БЦК;
Bereke Bank;
Altyn Bank;
Forte Bank;
Home Credit Bank;
Freedom Bank;
RBK;
Nurbank.
Пікірлер