10-16 қараша аралығында елде жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған акция өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Полиция қызметкерлері жол апатын азайтуға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға бағытталған алдын алу шаралары мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Балаларды көлік арқылы тасымалдауға және ұстағыштарды пайдалануға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтауы тексеріледі.
Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді апаттардың санын азайту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мұқият болуға және ережелерді сақтауға шақырады.
Пікірлер