A+ A A-

talgatzhan 33 13-11-2025, 16:20 0

ШҚО-да бағалы металдарды заңсыз өндірудің екі фактісі анықталды

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Тимур Мұқанов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, өңірде жер қойнауын заңсыз пайдалануға қарсы іс-қимыл күшейтілді.
Биыл Ұлан ауданындағы Шыбынды және Самар ауданындағы Құлынжон өзендерінің аңғарларында бағалы металдарды заңсыз өндірудің екі фактісі тіркелді.
- Мемлекетке келтірілген залал 400 млн теңгеден асты. Тергеу барысында 6 келіден астам (380 млн теңге) алтын және 56 мың АҚШ доллары, кен өндіруге арналған техника тәркіленді. Заңсыз қызмет ұйымдастырушылары қамауға алынып, іс сотқа жіберілді, - деді Тимур Мұқанов.
Айта кету керек, ШҚО Экономикалық тергеп-тексеру департаменті алдағы уақытта да нақты экономикалық нәтижеге жетуге, активтерді қайтаруға, қаржылық процестердің ашықтығын арттыруға және мемлекеттің мүдделерін қорғауға бағытталған жұмысын жалғастырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив