A+ A A-

talgatzhan 39 13-11-2025, 16:40 0

ШҚО-да мемлекет меншігіне 10 млрд теңге актив қайтарылды

Бүгін / ШҚО

ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері жалпы залал көлемі 3 млрд теңгеден асатын 17 қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тергеу нәтижесінде 1,9 млрд теңге көлеміндегі мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды. 
- Департамент тергеген ең ірі істердің бірі – «Бипэк-Азия Авто» компаниялар тобына қатысты қылмыстық іс. Тергеу нәтижесінде мемлекет кірісіне 11,6 млрд теңгеден астам мүлік тәркіленді. Оның ішінде автокөліктер, жылжымайтын нысандар, әуе кемелері және демалыс базасы бар. Бұл көрсеткіш 2025 жылы өңірдегі ең ірі актив қайтарымы ретінде тіркелді. Сонымен қатар бұрын заңсыз иеліктен шығарылған «Алтай ШҚАТ» ЖШС» ғимараты мемлекет меншігіне қайтарылды. Аталған нысан Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға тиесілі, оның бағалау құны 1,5 млрд теңгені құрайды, - деді  ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Тимур Мұқанов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив