A+ A A-

talgatzhan 30 13-11-2025, 16:50 0

ШҚО-да заңсыз вейп саудасы мен қаржылық пирамидаларға қарсы күрес күшейтілді

Бүгін / ШҚО

Биыл ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті вейп құрылғылары мен сұйықтықтарының заңсыз айналымын, соның ішінде Telegram-арналар арқылы таралуын анықтау және тоқтату бағытында белсенді жұмыс жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биыл вейптер мен оларға арналған сұйықтықтарды заңсыз сату бойынша 3 дерек анықталды. Өнімдер облыс орталығының тұрғындарына сатылған. 
- Әр арнаның 1000-нан астам жазылушысы болған. Тергеу барысында 1500-ден астам вейп тәркіленіп, куәгерлерден жауап алынып, арна әкімшілері анықталды. Қазір 2 қылмыстық іс сотқа жолданып, біреуі бойынша үкім шықты. Үшінші іске қатысты тергеу жалғасуда, - деді ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының міндетін атқарушы Дулат Нұрлыбек. 
Бұдан бөлек, биыл сот шешімімен LiveGood және NeoETF қаржылық пирамидаларын жарнамалаған 3 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың бұқаралық ақпарат құралдарында шығу құқығы 3 айға шектелді.
- Қаржылық пирамида, заңсыз онлайн ойындар және криптовалюта бойынша 481, онлайн-казино және құмар ойындары бойынша 591, криптовалюта айырбастау қызметі бойынша 121 сілтеме бұғатталды, - деді Дулат Нұрлыбек. 
Жауапты тұлғалардың айтуынша, бұл шаралар азаматтардың құқықтары мен қаржылық қауіпсіздігін қорғауға бағытталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив