A+ A A-

talgatzhan 32 13-11-2025, 17:30 0

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамаған 88 адам жауапқа тартылды

Бүгін / ШҚО

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, өрт қаупі жоғары кезең басталғалы облыста 27 орман және 39 дала, бір дала өрті тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңірде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдарының 290 адамынан тұратын 52 мобильді топ жұмыс істеді. 1828 рейд өткізіліп, 88 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 400 дөңгелек үстел, 532 жиналыс, 4700 нұсқама ұйымдастырылып, 14 000-нан астам адам қамтылды.

Облыста 12 тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізіліп. Оған 836 адам, 307 техника және 1 өрт пойызы тартылды.

Табиғи өрттердің таралуына жол бермеу мақсатында 2068 шақырым минералданған жолақ жасалды. 

Төтенше жағдайларға уақтылы әрекет ету мақсатында әкімдіктер тарапынан 57 өрт бекеті және 9 ерікті құрылым жұмыс істеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив