A+ A A-

talgatzhan 31 13-11-2025, 19:00 0

Шығыс Қазақстан мен Омбы облыстары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін / ШҚО

Орал қаласында өткен халықаралық форум аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Омбы облысы Үкіметі өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Құжат экономикалық және инвестициялық бағыттардан бастап, әлеуметтік, гуманитарлық және мәдени салаларға дейінгі кең ауқымды ынтымақтастықты көздейді.

Меморандум келесі бағыттарды қамтиды: өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешен, денсаулық сақтау, білім және ғылым, туризм мен спорт, мәдениет, гуманитарлық және жастар бағдарламалары, бизнес, инвестициялық жобалар мен іскерлік миссияларды қолдау.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан мен Омбы облыстарының сауда-экономикалық және достық байланыстарының тарихы тереңде жатыр.

Қол қойылған келісім бұл әріптестікті жаңа деңгейге көтеріп, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұндай жобалар аясында тәжірибе алмасу, бизнес-миссиялар мен ғылыми-тәжірибелік кездесулер өткізу, жаңа туристік бағыттар мен мәдени бастамаларды дамыту көзделіп отыр.

Қос тарап та екі өңір тұрғындарының мүддесі үшін жобаларды дамытуға дайын екендіктерін мәлім етті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив