A+ A A-

talgatzhan 32 Кеше, 19:15 0

ШҚО-да «Ауыл аманаты» бойынша өтінім қабылдау басталды

Бүгін / ШҚО

Облыста ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға, халық табысын арттыруға және ауылдағы кооперацияны қолдауға бағытталған мемлекеттік «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген шағын несие алу үшін өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бағдарлама 2025 жылғы 16 маусымдағы № 53 ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген жаңа микрокредиттеу және лизинг ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарламаның басым бағыттары:

Мал шаруашылығы – жалпы қаржыландыру көлемінің 40%-ынан аспайды:

ірі қара малды бордақылау жобаларын жүзеге асыру;

сүт-тауарлы фермаларды (СТФ) құру;

ұсақ мал (қой, ешкі) өсіру.

Микрокредиттеу бойынша негізгі шарттар:

сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-ға дейін;

несиелеу мерзімі – 7 жылға дейін (ауыл шаруашылығы өндірісі мен өңдеу салалары үшін);

жеңілдік кезеңі – 12 айға дейін;

кооперативтер мен өңдеу жобалары үшін несие сомасы – 8 000 АЕК-ке дейін.

Бағдарламаға қатысушылар: фермерлік және шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және жобаны іске асыратын елді мекенде кемінде 12 ай тұрақты тіркеуі бар ауыл тұрғындары қатыса алады.

Өтінімдер электрондық форматта «amanatnesie.kz» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады. Бұл жүйе өтінім беру үдерісінің ашықтығын, жеделдігін және ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.

Кеңес алу үшін азаматтар ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасына, тұрғылықты жері бойынша «Атамекен» микроқаржы ұйымына (МҚҰ) жүгіне алады.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарына өз кәсібін бастауға немесе кеңейтуге, өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және туған ауылдың өркендеуіне үлес қосуға нақты мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив