Қазгидромет 14 қарашада ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қарағанды облысында жолдарда көктайғақ болады. Қарағанды қаласында да көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.
Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. 14–15 қарашада жел солтүстік-шығыстан соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15–20, кейде 23–28 м/с жетеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Атырау қаласында да түнде және таңертең тұман болады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Жолдарда көктайғақ болады. Астана қаласында да жолдарда көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында қар, боран, тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен орталығында екпіні 15–20 м/с жетеді. Өскеменде көктайғақ болады.
Түнде Абай облысының солтүстігінде және орталығында қар, боран, көктайғақ болады. Түнде және таңертең оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде оңтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні 15–20 м/с жетеді. Семейде түнде көктайғақ болады.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде тұман түседі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады.
14-15 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с, ал 14 күндіз және 15 қараша түні екпіні 23 м/с жетеді. Таразда 14-15 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.
Астана қаласында жолдарда көктайғақ болады.
Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында боран болады. Батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с жетеді.
Пікірлер