Қазір негізгі назар қала инфрақұрылымының маңызды бөлігі саналатын жауын-шашын кезінде су бұруды қамтамасыз ететін нөсерлі кәріз жүйесіне аударылып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тиісті жұмыстар нөсер кәрізінің қабылдау құдықтарында жүргізілуде.
- Мамандар олардың өткізу қабілетін тексеріп, қоқыс пен жапырақтан тазартып, бітелулерді жоюда. Су жиналған жерлерде арнайы техника тартылып, механикаландырылған сорғыту әдісі қолданылды, — делінген «Таза Өскемен» кәсіпорнының ақпаратында.
Бұл жұмыстар қаланың түрлі аудандарында жүргізіліп жатыр және ауа райы толық тұрақтанғанға дейін жалғасады.
Пікірлер