Алматы – Өскемен трассасында су жаңа Shacman жүк көлігі техникалық ақаудан өртенді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүк көлігі трассаның 900-шақырымында отқа оранды.
- Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына жүк көлігіндегі техникалық ақау себеп болған. От ең алдымен дөңгелек бөлігінен тараған, жүргізуші көлікті тоқтатып, кабинаны дер кезінде тастап шыққан. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жүргізуші аман, зардап шеккендер жоқ.
Полиция жүргізушілерді жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеруге шақырады.
Пікірлер