A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 11:05 0

Оқушылар 10 күн демалатын болды

Бүгін / Республика

Қазақстандық оқушылар қыста 10 күн бойы демалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Осы оқу жылының кестесіне сәйкес, екінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнге жалғасады.

Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс беріледі. Ол 2026 жылғы 9 ақпаннан 15 ақпанды қоса алғанда 7 күнге созылады.

Ал үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Көктемгі каникул 2026 жылғы 19 наурызда басталып, 29 наурызды қоса алғандағы 11 күнге созылады.

Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды, оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Айта кетейік, күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашасына дейін 7 күнге жалғасқан болатын.

2025-2026 оқу жылғы процесі 2026 жылғы 25 мамырда аяқталатынын еске сала кетейік.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив