ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, балықшылар мен туристердің қауіпсіздік ережелерін елемеуі салдарынан қайғылы оқиғалар жиі тіркеледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Құтқару кеудешесінің негізгі міндеті – адамның басын суға батырмай, денені су бетінде ұстау. Мұзды суда дене 20–30 минут шыдауы мүмкін, ал шаш пен бас су болып, аяз бен жел кезінде адам есінен танып калады. Қыс мезгілінде суға батып кетудің басым бөлігі дәл осындай жағдайларда болады.
Мамандар кеудешені киім қана қоймай, белдіктерін толық және дұрыс бекіту керектігін ескертеді. Егер белдіктер дұрыс тартылмаса, адам суға түскен сәтте кеудеше бөлек қалқып кетуі мүмкін. ШҚО ТЖД өкілдері балықшыларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
– Мұздың қалыңдығы 10 сантиметрден аз болса, оған шығуға болмайды. Көлікпен шығу үшін бұл көрсеткіш одан да жоғары болуы тиіс. Қалыңдығы 25 сантиметрден кем мұзға шықса, міндетті түрде құтқару кеудешесі, шильц, 12 метрлік арқан және 2 метрлік таяқ болу қажет. Ата-аналар балаларға жұқа мұздың қауіпті екенін түсіндіріп, шығуға қатаң тыйым салуы тиіс, – деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.
Ескерте кетейік, қауіпсіздік талаптарын бұзғандар ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.
Пікірлер