ШҚО Экология департаментінің мамандары азаматтардың өтініштері негізінде «ВК-Бекон» ЖШС қызметінің экологиялық заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған серіктестік шамамен 8 мың бас шошқа өсіру, ұстау және көбейтумен айналысады.
Тексеру барысында бірқатар заңбұзушылық анықталды: жобада көзделген қалдықтарды сусыздандыруға арналған құрылыстардың болмауы, ағынды суларды рұқсатсыз төгу фактілері, қалдықтарды жабдықталмаған алаңдарға жинау.
Нәтижесінде кәсіпорын ҚР ӘҚБтК-нің 332, 344, 325, 327-1 және 328 баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар ары қарай қарау үшін Өскемен қаласының әкімшілік сотына жолданды.
Пікірлер