A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:05 0

Алтай ауданында 200 орындық жаңа мектеп ашылды

Бүгін / Алтай

Бұл туралы Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аудан басшысының айтуынша, биыл Жаңа Бұқтырма кентінде мемлекеттік тілде білім беретін 200 орындық жаңа мектепт ашылды. Білім ошағының құрылысына 2 млрд 111,5 млн теңге жұмсалған.
- Ауданда білім беру саласын дамыту бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда. Биыл 18 білім беру мекемесінде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар 187,4 млн теңге көлеміндегі 24 жоба жүзеге асырылды. Осы жылы әлеуметтік осал санаттағы балаларды сауықтыру, ыстық тамақ және мектеп формасымен қамтамасыз ету үшін 458 млн теңге бөліну көзделген, - деді ол. 
Бұдан бөлек, «Қазақстан Халқына» қоры қаржыландыратын «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында Серебрянск қаласындағы М.В.Инюшин атындағы №1 мектепте ауқымды жұмыстар жүргізілді. Мектептің қабырғалары, төбелері және есіктері 21 млн теңгеге жөнделді.
- Желтоқсан айында бұл мектеп қосымша 23 кабинет, STEM зертханасы, арт-студия және телестудияға қажетті құрал-жабдықтармен толықтырылады. Ол үшін 250 млн теңге қарастырылған, - деді әкім.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив