A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:50 0

ШҚО-да полицейлер тұрғынның жоғалған 16 жылқысын тауып берді

Бүгін / ШҚО

13 қарашада Өскемен қалалық полиция басқармасының "102" арнасына жергілікті тұрғыннан хабар келіп түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол 8 қарашадан бері Ново-Явленка ауылының маңындағы еркін жайылымнан өзіне тиесілі 16 жылқысының жоғалғанын мәлімдеген. 
- Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері дереу іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, нәтижесінде жануарлар табылып, иесіне қайтарылды. - Үйлесімді жұмыстың нәтижесінде малдың тұрған жері анықталып, иесіне қайтарылды. Полиция ауыл шаруашылығы жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылауды күшейтуді жалғастыруда және тұрғындарды сақ болуға шақырамыз, — дейді ШҚО Полиция департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға жедел уәкілі Алмас Ғадылбеков. 
Ауа-райы суытып, қарлы боран, боранды күндер мен көру мүмкіндігі төмендеген кезде малдың жоғалу қаупі арта түседі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жануарларды арнайы жабдықталған қораларда ұстап, оларға сенімді қорғаныс пен тұрақты бақылау жасау ұсынылады. 
- Құрметті азаматтар! Полиция малдың сақталуына қатысты шараларды қатаң сақтауды ескертеді. Әсіресе қыс мезгілінде, малды қараусыз еркін жайылымда қалдырмаңыз, - полиция өкілдері.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив