A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 15:10 0

Алтай қаласында МРТ орталығының құрылысы жүріп жатыр

Бүгін / Алтай

Алтай ауданында медициналық инфрақұрылымды дамыту бағытында маңызды жобалардың бірі – МРТ ғимаратының құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Белгілі болғандай, нысанның жалпы құны - 1 млрд 272,6 млн теңге. Оның 622,6 млн теңгесі құрылыс жұмыстарына, 650 млн теңгесі заманауи диагностикалық жабдық алуға бағытталған. 
- МРТ орталығы іске қосылғаннан кейін аудан тұрғындары қымбат әрі аса қажет диагностикалық тексерулерден өту үшін басқа жаққа сабылмайтын болады. Сонымен қатар бұл орталық Катонқарағай, Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл және Самар аудандарының тұрғындарына да қызмет көрсетеді, - деді аудан әкімі Ренат Құрмамбаев. 
Медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында кадр даярлау мәселесі де назардан тыс қалмады. Астанада МРТ аппараттарымен жұмыс істеу бойынша бір маман арнайы оқытудан өткен.
- Ауданда алғашқы медициналық көмек көрсетуді жақсарту бағытында да жұмыстар жалғасуда. Қазір Тұрғысын ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын. Феклистовка ауылындағы медициналық пункт пен Октябрьский кентіндегі дәрігерлік амбулатория биыл пайдалануға берілді. Бұл нысандардың жалпы құны - 320,8 млн теңге, - деді аудан әкімі. 
Алтай ауданы әкімдігінің мәліметінше, денсаулық сақтау саласындағы жобалар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив